Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әртүрлі жағдайдағы аналар бар»: Жазира Байырбекова перзентхана алдында думандатуға қарсы екенін айтты Ақтөбе облысында 100 жылқы ұрлады деп сотталған бақташы ақталып шықты «Түбі жарып шығады»: Мөлдір Мұқан кіші қызына қатысты даудан кейін мәлімдеме жасады «Жағы сынып, тістері түсіп қалған»: Ақтөбеде 12 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен курьер ұсталды Орталық Азия көшбасшылары Ыстықкөлде су-моторлы спорттан әлем чемпионатын ашты Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады «Әртүрлі жағдайдағы аналар бар»: Жазира Байырбекова перзентхана алдында думандатуға қарсы екенін айтты Ақтөбе облысында 100 жылқы ұрлады деп сотталған бақташы ақталып шықты «Түбі жарып шығады»: Мөлдір Мұқан кіші қызына қатысты даудан кейін мәлімдеме жасады «Жағы сынып, тістері түсіп қалған»: Ақтөбеде 12 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен курьер ұсталды Орталық Азия көшбасшылары Ыстықкөлде су-моторлы спорттан әлем чемпионатын ашты Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

    «Әртүрлі жағдайдағы аналар бар»: Жазира Байырбекова перзентхана алдында думандатуға қарсы екенін айтты

    «Әртүрлі жағдайдағы аналар бар»: Жазира Байырбекова перзентхана алдында думандатуға қарсы екенін айтты

    Фото: Ашық дереккөз

    Танымал әнші Жазира Байырбекова босанған аналарды перзентхана алдында думандатып қарсы алуға қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында перзентхананың алдында музыканттар мен аниматорларды шақырып, сәбиді сән-салтанатпен қарсы алуды құптамайтынын жеткізді.

    “Перзентхананың алдында, музыканттар мен аниматорларды шақырып, сәбиді сән-салтанатпен қарсы алуды дұрыс деп санамаймын. Өйткені перзентхана – тек қуаныштың емес, кейбір отбасылар үшін ауыр сынақтың да орны. Бір бөлмеде жаңа өмір есігін ашып жатса, екінші бөлмеде біреу үлкен қайғыны бастан өткеріп жатуы мүмкін. Осындай сәттерде айналадағы адамдардың көңіл күйін де ескерген дұрыс. Қуанышты ешкім шектемейді. Бірақ оны жақындарыңмен үйде, тыныш әрі әдемі атмосферада атап өтсе, тіпті 40 күннен кейін өткізсе де, әлдеқайда жарасымды көрінеді”, – деп жазды ол.

    Сондай-ақ, әнші перзентхана басшылығына да үндеу жасап, медициналық мекеме аумағында мұндай мерекелік шараларға шектеу қоюды ұсынды.

    “Перзентханадаңы әрбір ананың арманы – дүниеге дені сау сәби алып келу. Сол сәбиді қарсы алу үшін туыстары перзентхананың алдында тойлап жатады. Ал ол жердің ішінде әртүрлі жағдайдағы аналар бар екенін ескере ме?! Ол жерде сәбиін жоғалтып жатқан аналар бар. Сондықтан перзентхана басшыларынан сұрайтыным — перзентхананың аумағында той тойлауға рұқсат бермесе екен. Сәкен Майғазиев пен Динара құрбым секілді сәби қырқынан шыққаннан кейін де үйде той жасауға болады”, – дейді әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →