Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жағы сынып, тістері түсіп қалған»: Ақтөбеде 12 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен курьер ұсталды Орталық Азия көшбасшылары Ыстықкөлде су-моторлы спорттан әлем чемпионатын ашты Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты Президент Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарын 90 жылдығымен құттықтады «Сіз кеткелі бір жылдың жүзі болды»: Заттыбек Көпбосынұлы марқұм әкесін еске алды «Жағы сынып, тістері түсіп қалған»: Ақтөбеде 12 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен курьер ұсталды Орталық Азия көшбасшылары Ыстықкөлде су-моторлы спорттан әлем чемпионатын ашты Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты Президент Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарын 90 жылдығымен құттықтады «Сіз кеткелі бір жылдың жүзі болды»: Заттыбек Көпбосынұлы марқұм әкесін еске алды

    «Жағы сынып, тістері түсіп қалған»: Ақтөбеде 12 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен курьер ұсталды

    «Жағы сынып, тістері түсіп қалған»: Ақтөбеде 12 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен курьер ұсталды

    Фото: Видеодан скрин

    Ақтөбеде 12 жастағы қызды қағып, зардап шеккен балаға көмек көрсетпестен оқиға орнынан кетіп қалған электрвелосипед жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Оқиға 30 шілде күні шамамен сағат 18:00-де Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Сазды» аялдамасы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, электрвелосипед тізгіндеген ер адам велосипедпен келе жатқан 12 жастағы қызды қағып кеткен. Алайда ол зардап шеккен балаға алғашқы көмек көрсетпей, оқиға орнынан бірден кетіп қалған.

    Жарақат алған қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жоғарғы жақ сүйегі мен бет сүйегінің сынғанын, сондай-ақ алдыңғы тістерінің түсіп қалғанын анықтаған. Мамандардың айтуынша, бүлдіршінге ұзақ уақыт ем қабылдауға тура келеді.

    Оқиғадан кейін қыздың анасы әлеуметтік желі арқылы тұрғындарға үндеу жасап, жол-көлік оқиғасына куә болған немесе бейнежазбасы бар азаматтардан көмек сұраған. Оның айтуынша, оқиға орнындағы бейнебақылау камералары мен көліктердің бейнетіркегіштерінде күдіктіні анықтауға көмектесетін жазбалар болуы мүмкін.

    Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде электрвелосипед жүргізушісінің жеке басы анықталды. Ол – Ақтөбе қаласының 58 жастағы тұрғыны.

    Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеушілер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →