Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды • Қазақстандықтарды 30 базамен тексермек: енді кім әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін? • Ақкөлде қоқыс үйіліп жатыр: тұрғындар қаланың тазалығына неге мән бермейді? • Қарағандыда жүргізуші ішіп алып көлік жүргізген • Бір дауыс бүкіл үйді тоқтата алады: апатты тұрғын үйдің жаңа өтемақы тетігі кімді қорғайды? • Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды • Қазақстандықтарды 30 базамен тексермек: енді кім әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін? • Ақкөлде қоқыс үйіліп жатыр: тұрғындар қаланың тазалығына неге мән бермейді? • Қарағандыда жүргізуші ішіп алып көлік жүргізген • Бір дауыс бүкіл үйді тоқтата алады: апатты тұрғын үйдің жаңа өтемақы тетігі кімді қорғайды? •

    Гүлзира Айдарбекова марқұм фельдшердің жұбайының қайта үйленуін сынға алды

    Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Астанада қызмет барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайының қайта үйленуіне қатысты пікір білдірді. Ол марқұмның туыстарына құрмет көрсету қажет екенін айтты.

    Гүлзира Айдарбекова марқұм фельдшердің жұбайының қайта үйленуін сынға алды

    Сурет: sn.kz

    Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Астанада қызмет барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайының қайта үйленуіне қатысты пікір білдірді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында марқұмның туыстарына құрмет көрсету керектігін атап өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Продюсердің айтуынша, егер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жылдық асын өткізгеннен кейін, марқұмның ата-анасының алдынан өтіп, олардың батасын алып отбасы құрған болса, бұл жағдай қоғам тарапынан басқаша қабылданар еді.

    «Марқұм әйеліне соншалықты жылы сөзі мен көз жасымен халықпен бөліскен екен. 8 ай шыдатып, ары қарай 4 ай шыдаса, жылын өткізіп, ата-енесінің алдынан өтіп үйленсе, әйелінің әке-шешесі бұл әйелді де қызымыз деп қабылдап, батасын берер еді. Енді не болды? Елдің батасын алудың орнына қаншама ренішті елден де, бұрынғы енесінен де сөз естіп, қандай тәтті ұйқы болады жас әйелімен? Неге әулеттегі үлкен кісілер ескерту жасамаған екен? Кімнің де болса мұндай іске жүрегі ауырады ғой», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →