Ақтауда екі қыз ойын алаңын өртеген: құрылыс компаниясы 11 миллион теңгеге жуық шығынды кімнен өндірмек?
Фото: видеодан скрин
Ақтауда екі кішкентай қыз балалар ойын алаңын өртеді деген күдікке ілінді. Оқиға 11 қазанда қаланың 32А шағынауданындағы №15 үйдің маңында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, екі қыз ойын алаңындағы матрасқа от қойған, соның салдарынан ойын кешені, әткеншектер мен резеңке төсеніш зақымданған. Оқиғадан ешкім зардап шекпегенімен, өрттен келген шығын көлемі 11 миллион теңгеге жуықтағаны хабарланды. «Болашақ Өзен» ЖШС келтірілген шығынды өтеу үшін кінәлі балалардың ата-аналарын жауапқа тартуға ниетті. Компания өкілдері резеңке төсеніштің өздігінен оңай тұтанбайтынын айтып, өрттің нақты шығу себебін анықтау қажеттігін алға тартты.
Видео: @zakon.kz
