Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды • Қазақстандықтарды 30 базамен тексермек: енді кім әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін? • Ақкөлде қоқыс үйіліп жатыр: тұрғындар қаланың тазалығына неге мән бермейді? • Қарағандыда жүргізуші ішіп алып көлік жүргізген • Бір дауыс бүкіл үйді тоқтата алады: апатты тұрғын үйдің жаңа өтемақы тетігі кімді қорғайды? • Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды • Қазақстандықтарды 30 базамен тексермек: енді кім әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін? • Ақкөлде қоқыс үйіліп жатыр: тұрғындар қаланың тазалығына неге мән бермейді? • Қарағандыда жүргізуші ішіп алып көлік жүргізген • Бір дауыс бүкіл үйді тоқтата алады: апатты тұрғын үйдің жаңа өтемақы тетігі кімді қорғайды? •

    Демалыстағы полицей Қарағандыдағы өрттен бес баланы құтқарды

    Қарағандыда демалыста жүрген полиция қызметкері Дінмұхамет Сұлтан өртке оранған пәтерден бес баланы аман алып қалды. Оқиға көпқабатты тұрғын үйде болды.

    Демалыстағы полицей Қарағандыдағы өрттен бес баланы құтқарды

    Сурет: azattyq-ruhy.kz

    Қарағандыда демалыста жүрген полиция қызметкері өрт шарпыған пәтерден бес баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оқиға бүгін қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тіркелді. Үйіне қайтып келе жатқан Қарағанды қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Дінмұхамет Сұлтан сегізінші қабаттағы пәтер терезесінен шыққан қою түтінді байқаған.

    Қауіптің ауқымын бірден түйсінген тәртіп сақшысы ойланбастан оқиға орнына жүгірді. Ол жоғары қабатқа көтеріліп, іші түтінге толған пәтерге кіріп, бес баланы анықтады. Полицейдің ерлігі мен кәсіби шеберлігінің арқасында балалар қысқа уақыт ішінде қауіпсіз жерге шығарылды.

    «Балалардың өміріне еш қауіп жоқ екеніне көз жеткізген соң Дінмұхамет Сұлтан қайтадан жалын шарпыған пәтерге оралды. Алдымен электр қуатын ажыратып, өрттің одан әрі өршуіне себеп болуы мүмкін қысқа тұйықталудың алдын алды. Кейін екі бейжай қарамаған тұрғынмен бірге өрт сөндірушілер келгенге дейін асүйдегі өрт ошағын сөндіруге кірісті. Полицейдің дер кезінде жасаған шешуші әрекеттерінің арқасында адам шығынына әкелуі мүмкін қайғылы жағдайдың және ірі өрттің жолы кесілді», – делінген ІІМ хабарламасында.

    Дінмұхамет Сұлтан бұл ерлікті қызметтік міндетін атқару кезінде емес, кезекті еңбек демалысында жүрген сәтінде жасады. Оған қарамастан, ол полиция қызметкеріне тән кәсібилік пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

    Ержүрек полицейдің ерлігі туралы құтқарылған отбасының көршісі хабарлап, балалардың өмірін сақтап қалғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →