Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қытайда фабрикада болған өрттен сегіз адам қаза тапты Павлодар облысында жеке сот орындаушылары 535 млн теңге кірісін жасырған Алматы облысында бала көлік астына түсіп, мерт болды Мессидің трансферіне кедергі келтірген кім? Үкіметте «Таза Қазақстан» аясындағы Президент тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланды Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады Қытайда фабрикада болған өрттен сегіз адам қаза тапты Павлодар облысында жеке сот орындаушылары 535 млн теңге кірісін жасырған Алматы облысында бала көлік астына түсіп, мерт болды Мессидің трансферіне кедергі келтірген кім? Үкіметте «Таза Қазақстан» аясындағы Президент тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланды Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады

    Қазақстанға танымал ақын өмірден өтті

    Қазақстанға танымал ақын өмірден өтті

    Фото: Қазақстан жазушылар одағы

    Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Римма Артемьева 66 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді.

    Римма Артемьева 1960 жылдың 20 тамызында дүниеге келген. Ол биолог және дефектолог мамандықтары бойынша екі жоғары білім алған. Сонымен қатар әдеби шеберлік курстарын, «Мусагет» әдеби бірлестігін және әдебиеттану қорының мәдениеттану бағытындағы халықаралық семинарын тәмамдаған.

    Ақынның поэзиясы, прозалық шығармалары, публицистикасы, сұхбаттары мен мақалалары Қазақстандағы және шетелдегі бірқатар әдеби басылымдарда жарық көрді. Оның өлеңдері қазақ, ағылшын және литва тілдеріне аударылған.

    Римма Артемьева бірнеше жыр жинағы мен прозалық кітаптардың авторы. Оның шығармалары түрлі әдеби антологияларға енген.

    Шығармашылық жолында ол «Новое поколение» газетінің байқауында «Жыл ақыны» атанса, Беларусь астанасы Минскіде өткен «Дом» халықаралық әдеби байқауында «Поэзия» номинациясының жеңімпазы болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →