Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Барселона круиз туристеріне салықты 24 еуроға дейін арттырмақ Айым Сейітметова ер адамдардың жауапкершілігі туралы пікір білдірді АҚШ арнайы қызметтері Иранның байытылған уранын алу операциясын дайындап жатыр Грузияда екі рет электр сөнуі: диверсия бабы бойынша тергеу басталды Маңғыстауда жасөспірімге зорлық жасады деп айыпталған бір адам іздестірілуде Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге Шоқан Уәлиханов пен Достоевскийдің суреті салынған картина сыйға тартты Барселона круиз туристеріне салықты 24 еуроға дейін арттырмақ Айым Сейітметова ер адамдардың жауапкершілігі туралы пікір білдірді АҚШ арнайы қызметтері Иранның байытылған уранын алу операциясын дайындап жатыр Грузияда екі рет электр сөнуі: диверсия бабы бойынша тергеу басталды Маңғыстауда жасөспірімге зорлық жасады деп айыпталған бір адам іздестірілуде Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге Шоқан Уәлиханов пен Достоевскийдің суреті салынған картина сыйға тартты

    Барселона круиз туристеріне салықты 24 еуроға дейін арттырмақ

    Барселона билігі круиз туристеріне салықты 24 еуроға дейін көтеруді ұсынды. Қала 16 миллион туристі шекті мән деп санайды.

    Барселона круиз туристеріне салықты 24 еуроға дейін арттырмақ

    Сурет: tengrinews.kz

    Барселона әкімдігі жаппай туризмге қарсы кезекті шараны қолға алды: билік круиз кемелерінің қысқа мерзімге келетін жолаушыларына салықты 24 еуроға (шамамен 27 АҚШ доллары) дейін көтеруді ұсынды. Бұл туралы Tengri Travel New York Post басылымына сілтеме жасап, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Испандық Барселона соңғы жылдары Еуропадағы жаппай туризмнің ең қатал қарсыластарының біріне айналды. Қала билігінің жаңа шарасы дәл осы круиз туристеріне бағытталған. Әкімдік кеме жолаушыларының қалада небәрі бірнеше сағат қана өткізетіндеріне алаңдаушылық білдіріп, мұндай саяхатшылар үшін туристік алымды ұлғайтуды ұсынды.

    Круз Индастри Ньюс басылымының мәліметінше, қалалық комитет 12 сағаттан аз уақыт қалада болатын круиз кеме жолаушыларынан ең жоғары 24 еуро (шамамен 27 доллар) салық алуды ұсынған. Бұл шара бұрын да айтылған, бірақ ұсынылып отырған сома алдыңғы жоспарланған 8 еуродан үш есе көп.

    Барселонаның тұрақты туризм жөніндегі комиссары Хосе Антонио Донайре: «Барселона туризмді қайта қарастыруды 2017 жылы жаңа қонақүйлер салуға мораторий енгізу сияқты инновациялық шаралармен бастады. Көптеген шаралар нәтиже беру үшін уақыт қажет етеді. Бірақ қазір қала бір қағиданы ұстанады: бір де бір турист артық емес», — деді.

    Донайре Таймс газетіне берген сұхбатында: «Біз кеңейтуді қаламаймыз. Біз қалада бар туристерді тартқымыз келеді. 2025 жылы қалаға 15,7 миллион турист келді – бұл шекті мән. Ең көбі – 16 миллион», — деген. Ол жаңа ережелер туристерге қарсы емес, керісінше, әртүрлі топтарды тартудың тәсілі екенін атап өтті.

    БАҚ мәліметтеріне сәйкес, тұрғын үй бағасының өсуі, қоғамдық көліктің шамадан тыс жүктелуі және тарихи аудандарға туристердің ағылуы жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын тудырып келеді. Дегенмен, барселоналықтарды ең көп ашуландыратын – қаланың шамадан тыс толып кетуі.

    Бұған дейін Испанияда туристерді тіркеудің жаңа ережелері енгізіліп, туристік бизнес өкілдерінің сынына ұшыраған болатын. Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Барселонада қонақүйлерде тұру салығы екі есеге жуық өсті: бір адамға түнгі 5-9 доллардан 10-17 долларға дейін көтерілді.

    Өткен жазда Барселона тұрғындары жаппай наразылық акциясын өткізіп, кейбіреулері туристерге су пистолеттерінен су бүріккен. Демонстранттар «Тағы бір турист – бір тұрғынға аз» және «Туристер, үйлеріңе қайтыңдар» деген жазулары бар плакаттармен шеруге шығып, жергілікті экономиканы реформалауды талап етті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →