Мирко Крокоп: Қазақстан – керемет ел
Хорватиялық портал 24sata Мирко Крокоптың Қазақстан туралы лебізін жариялады. Спортшы Қазақстанды керемет ел деп бағалап, қонақжайлылық пен тағамды ерекше атап өтті.
Сурет: tengrisport.kz
Хорватиялық 24sata порталы атақты жекпе-жек шебері Мирко Крокоптың Қазақстан туралы пікірін келтірді: «Қазақстан – керемет ел. Мен мұнда алғаш рет келдім және маған қатты ұнады. Жергілікті тұрғындар өте қонақжай, мен мұнда өзімді тамаша сезінемін. Маған ең көп не ұнады? Барлығы… Қонақжайлылық пен тағамнан бастап, адамдардың маған деген сүйіспеншілігін көрсетуіне дейін», – деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Мирко Крокоп – жекпе-жек тарихындағы жалғыз спортшы, ол Прайд Гран-при, К-1 және Ризин чемпиондық атақтарын жинап, «алтын дулығаға» ие болды. Оның мансабында 51 жекпе-жектің 38-інде жеңіске жеткен, оның 30-ы нокаутпен аяқталған. Ол спорт тарихындағы ең танымал соққылардың бірі – сол жақ жоғары соққысымен танымал. Мирко өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың ақпанында өткізіп, мансабын жеңіспен аяқтады.
Бізге Telegram және Instagram әлеуметтік желілерінде жазылып, маңызды жаңалықтарды алыңыз.
