Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады Орташа көрсеткіштен 40%-ға жоғары: Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орында «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды Хромтауда ұзаққа созылған жолдың жөндеуінен тұрғындар ауру болып жатыр Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды Таяу Шығыстағы шайқас: Brent мұнайы 100 доллардан асты Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады Орташа көрсеткіштен 40%-ға жоғары: Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орында «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды Хромтауда ұзаққа созылған жолдың жөндеуінен тұрғындар ауру болып жатыр Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды Таяу Шығыстағы шайқас: Brent мұнайы 100 доллардан асты

    Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

    Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке телефон соғып, оны туған күнімен құттықтап, бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кездесу барысында Тоқаев Мирзиёевтің данагөй басшылығының арқасында Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық даму мен халықаралық беделді арттыруда зор жетістіктерге жетіп, жан-жақты реформалар арқылы тұрақты дамып келе жатқанын баса айтты. Сондай-ақ екі ел арасындағы достық пен тату көршілік рухындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

    Тараптар қазақ-өзбек ынтымақтастығының қазіргі қарқынына тоқталып, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты тереңдету перспективаларын сөз етті. Сонымен қатар президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір бөлісіп, алдағы кездесулердің жоспарын талқылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →