Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Көзде сәуле жоқ, немқұрайлылық»: Жұлдыз Әбдікәрімова сезімі суып кеткенін айтты

    «Көзде сәуле жоқ, немқұрайлылық»: Жұлдыз Әбдікәрімова сезімі суып кеткенін айтты

    Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial парақшасынан

    Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Әбдікәрімова ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынасты астарлап жеткізді.

    «Сезім бір күнде сөнбейді.
    Айтылмай қалған бір сөзден, қойылмай қалған бір сұрақтан суына бастайды.
    Енді мен:
    “Қашан келесің?”
    “Кешкі асқа не жегің келеді?”
    “Шаршадың ба?”- деп сұрамаймын.
    Енді сен:
    “Мені сағындың ба?”
    “Қолшатырыңды алдың ба?”
    “Неге күлмейсің?”-деп сұрамайсың.
    Көздеріміз ашық, бірақ, онда сәуле жоқ. Жүрегіміз соғып тұр, бірақ, бір-біріміз деп емес. Неге? Бізді бұл күйге салған тіршілік пе, әлде тұрмыс па?
    Немқұрайлық…
    Құтқара аламыз ба?», — деп жазды ол.

    Актрисаның оқырмандары оның бұл жазбасын оғаш көріп, алаңдаушылық білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →