Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 471,2 539,1 6,02
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    СҚО-да жас жігіт 74 жастағы әжейді пышақтап өлтірді Елге шетелдік көліктерді әкелуге шектеу күшейеді Қытай көліктері қаптады: Өндірушілер уәдесі мен нарық шындығы арасындағы алшақтық Министрлік сырт айналды: Коммерциялық баспана бағасы жекелердің қанжығасында кетпек пе? «Менің ондай бала тууым мүмкін емес!»: Төреғалидің әйелі ерекше қызы туралы айтты (ВИДЕО) Бектенов заңсыз әкелінетін көліктерге тосқауыл қоюды тапсырды СҚО-да жас жігіт 74 жастағы әжейді пышақтап өлтірді Елге шетелдік көліктерді әкелуге шектеу күшейеді Қытай көліктері қаптады: Өндірушілер уәдесі мен нарық шындығы арасындағы алшақтық Министрлік сырт айналды: Коммерциялық баспана бағасы жекелердің қанжығасында кетпек пе? «Менің ондай бала тууым мүмкін емес!»: Төреғалидің әйелі ерекше қызы туралы айтты (ВИДЕО) Бектенов заңсыз әкелінетін көліктерге тосқауыл қоюды тапсырды

    Белгілі рэпер Аргентинаның жеңісіне $1,5 млн бәс тіккен

    Белгілі рэпер Аргентинаның жеңісіне $1,5 млн бәс тіккен

    Фото: people.com

    Канадалық даңқты рэпер Дрейк Әлем чемпионатының финалына бәс тігіп, жеңіліп қалды. Ол Аргентинаның жеңісіне сенімді болып, букмекерлік кеңсе арқылы 1,5 млн долларын бәске қойған. Нәтижесінде Испания әлем чемпионы атанып кетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

    Букмекерлер Аргентинаның жеңісіне 3,45 коэффицент берген екен. Егер Дрейк жеңген кезде 5 млн долларға ие болатын еді.

    Жалпы, канадалық рэпердің бұл алғашқы жеңілісі емес. Ол ірі сомаларды бәске тігіп, жиі жеңілумен есте қалған. Мәселен, ол 2022 жылдың финалында да Аргентинаның жеңісіне (негізгі уақытта) 1 млн доллар тігіп ұтылған еді. Ол чемпионатта Мессидің командасы чемпион болғанымен, негізгі уақыт тең аяқталған еді.

    Бұдан бөлек, Дрейк Супербоулда «Нью-Ингленд Пэтриотс» командасының, UFC-дже Конор Макгрегордың, US Open турнирінде Янник Синнердің жеңісіне ақша тігіп жеңілген.

    Осы оқиғалардан кейін интернет қолданушылары «Дрейктің қарғысы» деген термин ойлап тапты. Яғни, рэпер кімге бәс тігеді, сол жеңіледі деп әзілдейді олар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →