Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі? Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі?

    Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты

    Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты

    Фото: Үкімет

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Дастан Адайұлы мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияларда түрлі басшылық лауазымдарды атқарған.

    Дастан Рыспеков 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы ҚазМЗУ Алматы заң академиясында «құқықтану» мамандығын меңгерді. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.

    Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің түсімдерді болжау бөлімінің бас маманы болып бастады.

    2007-2011 жылдары аталған департаменттің экономикалық саясат және салалық жоспарлау бөлімін басқарды.

    2011-2012 жылдары Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының жоспарлау, есептілік және ақпараттандыру бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

    2013-2015 жылдары Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болды.

    2015-2016 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде жоспарлау және мониторинг жүргізу секторының меңгерушісі қызметін атқарды.

    2016-2018 жылдары «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры – бас бухгалтері болды.

    2018-2019 жылдары Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасын басқарды.

    2019-2020 жылдары «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы» АҚ экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры қызметіне қайта оралды.

    2020-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болды.

    2023-2024 жылдары Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

    2024 жылдың наурыз-қазан айлары аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.

    2024 жылғы 9 қазанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды.

    Сіздің реакцияңыз?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →