Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті

    Тойға шығатын деңгейге жеткізші: Ернар Айдар өзі төрт жыл тегін тұрған үйдің иесіне сыйлаған машинаны тартып алған

    Тойға шығатын деңгейге жеткізші: Ернар Айдар өзі төрт жыл тегін тұрған үйдің иесіне сыйлаған машинаны тартып алған

    Фото: instagram.com/ernaraidar_kz/

    Әнші Қарлығаш Сұлтанша өз үйінде төрт жыл бойы тұрған Ернар Айдардың жолдасына сыйлаған автокөлігін кейіннен қайтарып алғанын ашып айтты. Оның сөзінше, әнші уәдесінде тұрмаған. Жетекшісіне өзінің тойға шығатын деңгейге жеткізіп беруді сұраған, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұқбатында айтты.

    «Бәлкім ішінде реніші бар шығар. Бірақ мен бұған қатысты мынадай нәрсені айтар едім: ең дұрысы — тапсырыс берушіден ақшаңды алып, сосын оған тиісті өніміңді беру. Егер арада нақты есеп болмаса, «бауырым, достық көмек ретінде жаза салшы», «жеңілдік жасап берші» немесе «мені танымал етіп шығарып берші» деп өтініш айтатындар болады. Ал мұндай жағдайлардың соңы …  Мысалы, қазір Ернар Айдар туралы жиі айтылады. Ол кезінде біздің үйде төрт жыл бойы тұрды, Қуаныш ағасының қасында жүрді. Бізбен бірге ыстық-суықты қатар бөлісіп, әнші болу үшін сол үйде өмір сүрді. Сол кезде ол: «Ұстазым, егер мен күнделікті тойға шығатын деңгейге жетсем, сізге міндетті түрде «570» мінгіземін», — деп уәде берген болатын. Бірақ Қуаныш сол уақытта қатты ренжіп жүрді. Кейін Ернар оның астына Pajero автокөлігін әкеліп бергенімен, артынша ол көлікті қайтарып алды. Мұндай қиын сәттер де өтті, оны да бастан өткердік. Сол кезде мен жолдасыма: «Көрдің бе? Сен «ертең бүйтем, ертең сізге сүйтем» деген құрғақ уәдеге сенгенше, «мә, маған, мә, саған» деп есепті бірден айыруың керек еді. Сонда сен де, ол да тыныш болар едіңдер. Ешкімнен ештеңе күтпеу керек», — дедім», — деді Қарлығаш Сұлтанша.

    Ары қарай ол концертте Ернардың иығына жай ғана шапан жабумен шектелмей, ұстазына тұлпар мінгізуі тиіс екенін халықтың өзі де жазып, наразылық білдіргенін тілге тиек етті.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →