Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды •

    Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Фото: видеодан скрин

    Көкшетаудағы Қанай би көшесінде орналасқан зағип және нашар көретін жандар тұратын үйдің ауласы жаз басталғалы бері нағыз тозаққа айналды.

    Мердігерлер алдымен бүкіл маңды қиыршық таспен толтырып, артынша үстіне ыстық күнде балқып, аяқ киімді бүлдіретін жабысқақ қара май (шайыр) төгіп, жұмысты соңына дейін жеткізбей тайып тұрған. Жанарынан айырылған жандар үшін мұндай бұдырлы, тайғанақ әрі жабысқақ жолмен жүру күнделікті өмірде үлкен қауіпке айналып отыр. Оның үстіне, жұмыс басталғанда ауладағы барлық орындықтарды сырып әкеткендіктен, егде жастағы тұрғындардың жаз бойы сыртқа шығып демалуға да мүмкіндігі қалмады.

    Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев асфальтты маусымның соңына дейін төсеп беруге уәде бергенімен, шілденің ортасы келсе де іс орынынан қозғалар емес.

    Шенеуніктердің мүгедектігі бар жандардың мұқтаждығына мұншалықты немқұрайлы қарауы тұрғындардың заңды ашу-ызасын тудырып, әлеуметтік желіде үлкен наразылық туғызып жатыр.

    Видео: @halyqpress.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →