Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда

    Орал-Атырау тас жолындағы апатты шұңқыр: Бөдене мен Жарсуат арасында көліктер жаппай зақымдануда

    Орал-Атырау тас жолындағы апатты шұңқыр: Бөдене мен Жарсуат арасында көліктер жаппай зақымдануда

    Фото: видео скриншот

    Орал–Атырау тас жолының Бөдене мен Жарсуат ауылдарының арасындағы бөлігінде пайда болған терең шұңқырлар жүргізушілер өміріне үлкен қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жақында ғана осы тұстан өткен көліктің қос дөңгелегі бірдей жарылып, жолаушылар тас жолдың ортасында шарасыз күйде қалған. Бұл — бір реттік оқиға емес, осы аймақта күн сайын ондаған жүргізуші шұңқырға түсіп, көліктерін бүлдіріп жатыр.

    Жолдың осындай апатты жағдайына тікелей жауапты Атырау облысы мен Индер ауданының әкімдіктері халықтың жанайқайына әлі күнге дейін құлақ аспай отыр. Мемлекеттен бөлінген қаржының қайда кеткені белгісіз, ал жолда қалған жұртқа шенеуніктер емес, тек өзге жанашыр жүргізушілер ғана көмекке келуде. Жауапты органдар қайғылы жағдай орын алғанша күтпей, бұл қауіпті аумақты дереу арада қалыпқа келтіруі тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →