Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады •

    Ақтөбеде 22 жастағы жігіт 33 рет ереже бұзған

    Ақтөбеде 22 жастағы жігіт 33 рет ереже бұзған

    Фото: Pixabay

    Ақтөбеде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бірнеше мәрте өрескел бұзған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Полицияның мәліметінше, 22 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны әкесінің үйде жоқтығын пайдаланып, оның Toyota автокөлігін рұқсатсыз айдаған. Кейін көлікке шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып, қала көшелерінде емін-еркін жүрген.

    Небәрі үш күннің ішінде жүргізуші жол қозғалысы ережелерін 33 рет бұзып, жалпы сомасы 1 млн 300 мың теңгеден асатын айыппұл арқалаған.

    Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі белгіленген жылдамдық режимін асыруға байланысты тіркеліп отыр.

    Жауапсыз әрекеттің соңы заң алдында жауап берумен аяқталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар рәсімделіп, автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →