Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Астанадағы Uly Dala Fest келушілері кезек пен концерттің кешігуіне шағымданды • Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада бесінші орында • Beeline интернетінің сапасына қатысты халық наразылығы күшейді • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады •

    Азия чемпионатында 9 қазақ боксшысы финалға шықты

    Азия чемпионатында 9 қазақ боксшысы финалға шықты

    Фото: ҰОК

    Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан U19 және U23 жас санатындағы Азия чемпионатында U19 боксшыларының жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының тоғыз спортшысы финалға жолдама алып, алтын медаль үшін бақ сынайды. Олар: Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Камила Оспанова (70 келіге дейін), Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Руслан Ахметов (85 келіге дейін), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары).

    Ал Мадира Жұмақан (48 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Айсұлу Мұхит (65 келіге дейін) және Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) жартылай финалда жеңіліп, чемпионатты қола жүлдемен аяқтады.

    U19 жас санатындағы финалдық жекпе-жектер 15-16 шілде күндері өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →