Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Жақсылық жасасаң да жазаланасың»: ойын алаңын салған кәсіпкер сот үкіміне пікір білдірді Қостанайдың қиналған халқы: Меңдіқара ауданындағы жолдың сапасыздығы елді шаршатты Шымкенттегі шу: әйелдер гинекологтың қабылдауын айлап күтуге мәжбүр Австралияның тәжірибесі: Қазақмыс тау-кен қазбаларын бақылаудың инновациялық жүйесін сынақтан өткізуде «Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады «Жақсылық жасасаң да жазаланасың»: ойын алаңын салған кәсіпкер сот үкіміне пікір білдірді Қостанайдың қиналған халқы: Меңдіқара ауданындағы жолдың сапасыздығы елді шаршатты Шымкенттегі шу: әйелдер гинекологтың қабылдауын айлап күтуге мәжбүр Австралияның тәжірибесі: Қазақмыс тау-кен қазбаларын бақылаудың инновациялық жүйесін сынақтан өткізуде «Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады

«Жақсылық жасасаң да жазаланасың»: ойын алаңын салған кәсіпкер сот үкіміне пікір білдірді

«Жақсылық жасасаң да жазаланасың»: ойын алаңын салған кәсіпкер сот үкіміне пікір білдірді

Фото: Кәсіпкер Станислав Круговтың жеке архивінен

Осыдан төрт жыл бұрын Станислав Кругов ойын алаңын орнатуға кіріскен. Одан бұрын ауылдағы бос жатқан алаңдарды жергілікті әкімдік тазартып, арнайы балаларға арналған алаң салуды жоспарланған. Алайда бел шешіп кірісіп, балаларды қуанышқа бөлеген ешкім бола қоймайды.

«Әкімдікке барып осы жерге ойын алаңын салу туралы рұқсат сұрадым, олар берді. Үш жылға жалғасты. Қанша ақша кетті ол жағын білмеймін де, есептемедім де. Демалып отыратын арнайы орындарды қолдан жасадым, кейбірі ақшаға жасалды. Мәселе қанша ақша жұмсағанымда емес, мен оны мақсат тұтпадым», — дейді Станислав Кругов.

«Сот материалына сәйкес, қыз мектеп жанындағы лагерьге барған. Бірақ бала тізімде болмаған. «Бала тізімде жоқ, сол себепті жауап бермейміз» деп лагерь тәрбиешілері алдын ала ескертіпті. Бірақ тізімде бары, тізімде жоғы бар барлық бала сол ойын алаңында ойнаған. Сотта естігенім, бір қыз сырғанақтан төмен түсіп келе жатқанда, жәбірленуші қыз керісінше сырғанақта жоғары шығып бара жатқан. Сол кезде сырғанаған қыз қағып, мына қыз құлаған», — дейді алаңды салған кәсіпкер.
Айтуынша, қыздың анасы бір жыл бойы қызының жағдайы нашарлай бергенін айтып, талап қоя берген.

«Бірақ қызы ылғи осы ойын алаңында ойнап жүрді. Мектеп дәрігері қараған, сосын анасы аудандық, содан қаладағы ауруханаға қаратқан. Қандай диагноз қойылғанын да білмеймін. Әу баста қылмыстық іс қозғалған, кейіннен азаматтық іске ауыстырды», — дейді кәсіпкер.

«Бұл оқиғадан кейін ойын алаңын жинап тастадым. Өйткені ертең тағы бір бала жарақат алса, тағы мен кінәлі боламын. Сол кезде көрші ауылдағы балабақша өтініш жасап, ойын алаңын өздеріне беруімді сұрады. Ақшалары жоқ, «бірнәрсе етіп жинап береміз» деді. Мен көк тиын да алмастан сол кісілерге бердім. Айтпағым, мұндай келеңсіз жайттар қайтарымсыз жақсылық жасауға деген құлшынысыңды кетіріп, ниетіңді өзгертеді. Жақсылық жасайсың, сол үшін жазаланасың», — дейді айыпты болған кәсіпкер.
Sputnik Қазақстан тілшісі ойын алаңында құлаған баланың анасы Мадина Бирюковамен тілдесті. Ол анасы қайтыс болып, ауыр сырқаттанғандықтан жауап бере алмайтынын, орнына «Халық үміті» қорының директоры Виктория Емцова жауап беретінін айтты.
Виктория Емцованың айтуынша, кәсіпкер ешбір заң талаптарына сай келмейтін жолмен ойын алаңын орнатқан.
«Қазіргі уақытта қызға шетелде ота жасау керек, өйткені қазақстанда емдеуге жүрексініп отыр. Қызға мүгедектік қойып отыр, болашағы қалай болары белгісіз. Сот үкімі әділ деп ойлаймыз. Балаларды ойын алаңына апарған мектеп те, ойын алаңын салған кәсіпкер де тікелей жауапты», — дейді ол.

«Қыздың анасына онсыз да оңай емес, түсіністікпен қараңыздар. Ол баласының денсаулығын жақсартуы керек. Баласын қорғаған кез келген ана осылай істер еді. Ал кәсіпкер өз кінәсін мойындап, қызға көмектессе деймін. Мейлі кім қайырымдылық жасаса да заң талаптарына сай жасау керек», — дейді «Халық үміті» қорының директоры.Сот үкімімен құлаған жеткіншектің анасына 2 миллион 500 мың теңге өтемақы төлеу туралы шешім шыққан. Оның жартысын кәсіпкер, жартысын мектеп төлейтін болды.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты пікір айтып, кәсіпкерге қолдау білдіріп жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →