Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады?

    Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды

    15 шілдеде Будапеште басталатын рейтингтік турнир грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарына баратын балуандарын айқындайды. Бас бапкер Қонысбек Кәрімұлы дайындық пен өзгерістер туралы айтты.

    Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды

    Сурет: olympic.kz

    15 шілдеде Будапеште (Венгрия) грек-рим күресінен халықаралық рейтингтік турнир басталады. Бұл жарыс Қазақстан құрамасы үшін ерекше маңызды, өйткені оның қорытындысы бойынша 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын балуандардың басым бөлігі анықталады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Қонысбек Кәрімұлы Olympic.kz сайтына берген сұхбатында команданың дайындығы, құрамдағы өзгерістер және алдағы жоспарлар туралы айтып берді. Оның айтуынша, Венгрияға негізінен Азия ойындарына қатысатын балуандар жіберіліп отыр, бұл олардың дайындығын бағалауға мүмкіндік береді.

    Құрамда бірқатар өзгерістер бар. Демеу Жадыраев бұған дейін 77 келіде күресіп келсе, енді 82 келіге ауысты. Ал Тимур Оспанов жарақатына байланысты Будапешттегі жарысқа қатыса алмайды. Ол Германияға ем қабылдауға барады, кейін Дортмундтағы турнирде белдеседі.

    Будапештке бармайтын балуандар Германиядағы Гран-при турниріне қатысады. Қазір Түркістанда 29 маусым мен 15 шілде аралығында халықаралық бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Оған Түркия, Марокко және Ресей құрамалары келген. Жалпы саны 150-ге жуық балуан бірге жаттығып, тәжірибе алмасып жатыр.

    Азия ойындарына баратын алдын ала тізім жасалған. Демеу Жадыраев 77 келіде, Ислам Евлов 97 келіде, Олжас Сырлыбай 130 келіде белдеседі. 67 келіде үш балуан бақ сынайды, қазіргі көшбасшы — Мейіржан Шермаханбет. 60 келіде Ербол Камалиев пен Ернұр Фидахметовке мүмкіндік беріліп, Будапештегі нәтижелеріне қарай Азия ойындарына біреуі іріктеледі. Ал осы салмақтағы негізгі көшбасшы Айдос Сұлтанғалиев елімізде өтетін әлем чемпионатына арнайы дайындалуда.

    Венгриядағы жарыстан кейін спортшылар аз уақыт тынығып, 8–26 тамыз аралығында Алматы облысының таулы аймағында оқу-жаттығу жиынына қатысады. Онда жалпы дене дайындығына басымдық беріледі. Кейін қайтадан Түркістанға оралып, Азия ойындары алдындағы негізгі дайындықты жалғастырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →