Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді Конгода Эболадан көз жұмғандар саны 700-ден асты Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды «Абыройымды төккің келеді»: танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевтың қорқақ екенін жайып салды (ВИДЕО) Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді Конгода Эболадан көз жұмғандар саны 700-ден асты Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды «Абыройымды төккің келеді»: танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевтың қорқақ екенін жайып салды (ВИДЕО)

Айбек Барысов: барлық балабақшаны қазақ тіліне көшіру керек

Кәсіпкер Айбек Барысов барлық балабақшаны қазақ тіліне көшіруді ұсынып, өз отбасындағы тәжірибемен бөлісті. Орыстілді азаматтардан дереу көшуді талап ету дұрыс емес деп санайды.

Айбек Барысов: барлық балабақшаны қазақ тіліне көшіру керек

Сурет: ulysmedia.kz

Барлық балабақшаларды қазақ тіліне көшіруді ұсынған белгілі кәсіпкер Айбек Барысов өз отбасындағы тәжірибемен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Кәсіпкердің айтуынша, оның кіші ұлы бес жаста, қазақ және ағылшын тілдерін біледі, бірақ орысша сөйлемейді. Бұл отбасының саналы шешімі. Өзі ауылда мұғалімдер отбасында өскен. Орыс тілінде оқығанымен, үйде әрқашан тек қазақша сөйлескен. «Әлі күнге дейін әке үйіне барғанда орысша сөйлеуге болмайды. Бала қай тілде сөйлей бастаса, сол тілде өмір бойы ойлайды. Сондықтан кіші ұлымыздың алғашқы тілі қазақша болуын қамтамасыз еттік. Қазір ол бес жаста. Ағылшын тілін де жақсы біледі, бірақ орысша сөйлемейді», – деді кәсіпкер. Оның үлкен балалары да қазақ тілінде еркін сөйлейді. Отбасындағы басты ереже – үйде ана тілінде сөйлесу.

Сонымен қатар Айбек Барысов орыстілді қазақстандықтардан дереу қазақ тіліне көшуді талап етуді дұрыс емес деп санайды. Қазақ тілі – бай әрі күрделі тіл, ересек адамға оны үйрену оңай емес. Ал балалар тілді мүлдем басқаша қабылдайды. «Кішкентай бала кез келген білімді оңай сіңіреді. Сондықтан басқа ештеңені өзгертпей, тек барлық балабақшаны қазақ тіліне көшірсек, осы елде туып-өскен әрбір бала қазақша сөйлейді», – деді ол. Кәсіпкер тілмен бірге балаларға дәстүрлі құндылықтар – үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық және отбасылық ережелер де беріледі деп сенімді.

Айбек Барысов тіпті өз отбасына да тәрбие толығымен қазақ тілінде жүргізілетін балабақша табу қиын болғанын мойындады. «Біз балабақша іздегенде қатты шаршадық. Тәрбие жүз пайыз қазақ тілінде жүргізілетін балабақшаны үлкен қиындықпен таптық», – деп бөлісті ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көруге болады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →