Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында күміс медаль алды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында күміс медаль алды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі •

    «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды

    «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды

    Фото: Видеодан скрин

    Шымкент әуежайында тағы да айқай-шу. Бұл жолы SCAT әуе компаниясы Жезқазғанға ұшуы тиіс жолаушыларды тығырыққа тіреді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Адамдар рейс өтетін уақытты күтіп, енді ғана тіркелу басталған сәтте, ұялы телефондарына «рейс тоқтатылды» деген суық хабарлама бір-ақ келген. Ешқандай алдын ала ескерту немесе ресми мәлімдеме жасалмады.

    Сапарға шыққан халықтың жоспары аяқ астынан күл-талқан болды. Ашуға мінген жолаушылар әуежай қызметкерлерін қоршап алып, жағдайды түсіндіруді талап етті. Алайда, дәл сол сәтте елді жұбатып, мәселенің мән-жайын нақты айтып беретін компания өкілдері табыла қоймады. Осыдан кейін әуежай іші наразылық пен айқай-шуға ұласты. Бірінің жұмысы, бірінің маңызды шаруасы, енді бірінің денсаулығына байланысты шұғыл сапары күйіп кеткен жұрт кімнен көмек сұрарын білмей дал.

    Ең сорақысы — SCAT әуе компаниясы әзірге бұл жағдайға қатысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ. Үнсіз отыр. Қарапайым халықтың қалтасынан ақшасын алып, билетін сатып, бірақ қиын сәтте жауапкершіліктен қашу үрдісі қашанғы жалғаса береді? Бұл мәселеге құзырлы органдар мен Көлік министрлігі тарапынан нақты шара қолданылуы тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →