Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды

    Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді

    Бишимбаев ісімен танымал Айжан Аймағанова прокуратурадан кетіп, Құрылтай депутаттығына үміткер атанды. Ол шешімді саналы түрде қабылдағанын айтты.

    Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді

    Фото: пресс-служба Генеральной прокуратуры РК

    Бишимбаев ісіне байланысты көпшілікке белгілі болған Айжан Аймағанова прокуратура органдарындағы қызметімен қош айтысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Аймағанова Instagram-дағы жеке парақшасындағы стористе қазақстандықтарға үндеу жасап, оның кандидатурасының бір партиядан Құрылтай депутаттығына ұсынылғанына қатысты ақпаратқа түсінік берді.

    «Мен көп жылдар бойы прокуратура органдарында қызмет еттім. Бұл мен үшін әрқашан заңға, мемлекетке қызмет ету және азаматтардың құқықтарын қорғау болды. Кандидат ретінде ұсынылуыма байланысты мен прокуратурадан кеттім. Бұл – заң талабы, оны мен орындадым. Бұл шешімді саналы түрде қабылдадым. Кәсіби тәжірибем мен білімім заң шығару қызметінде, сондай-ақ азаматтарымызды толғандыратын мәселелерді шешуде пайдалы болуы мүмкін деп сенемін», – деп жазды Аймағанова.

    Бұған дейін Айжан Аймағанова «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткерлер тізіміне енгені хабарланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →