Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды •

    Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты

    Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты

    Фото: Pixabay

    Түркияның Анталия қаласында 18 жастағы қазақстандық қыз жол-көлік оқиғасынан көз жұмды. Ол өндірістік тәжірибеден өтіп, жергілікті қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Марқұмның туыстарының мәліметінше, қайғылы оқиға қыздың денсаулығы күрт нашарлаған кезде болған. Оның іші қатты ауырып, танысы ауруханаға жеткізіп бара жатқан сәтте жол апатына ұшыраған.

    Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы Бас консулдық марқұмның жақындарына қажетті консулдық қолдау көрсеткенін мәлімдеді. Атап айтқанда, құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті Қазақстанға жеткізуге көмек берілген.

    Ведомствоның хабарлауынша, қыздың қаза болуына қатысты барлық мән-жай Бас консулдықтың бақылауында. Қазіргі уақытта Түркияның құзырлы органдарымен бірлескен жұмыс жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →