Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 23 шілде 2026 $ 468,2 534,1 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Иран парламент төрағасы: мұнай сатпасақ, ешкім сатпайды Балжан Бидаш актер Санұржан Сүлейменмен бірге түскен суретін жариялады Аргентинаның ӘЧ финалындағы жеңілісі: Мессидің сөзі қастандық теориясын тудырды 23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі Иран парламент төрағасы: мұнай сатпасақ, ешкім сатпайды Балжан Бидаш актер Санұржан Сүлейменмен бірге түскен суретін жариялады Аргентинаның ӘЧ финалындағы жеңілісі: Мессидің сөзі қастандық теориясын тудырды 23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі

    Қарағандылық спортшы әлемдік рейтингте 12-орынға көтерілді

    Қарағандылық спортшы әлемдік рейтингте 12-орынға көтерілді
    Фото: gov.kz

    Қарағандылық 13 жастағы FPV-дрондар жарысының пилоты Тимофей Муравьёв Алматыда өткен халықаралық MultiGP іріктеу кезеңінде Қазақстан спортшылары арасында үздік нәтиже көрсетіп, әлемдік рейтингте 12-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Турнир әлемдегі ең ірі FPV-дрондар қауымдастығы – америкалық MultiGP жүйесінің ережелері бойынша өтті. Жарысқа Қазақстан мен Ресейден 26 пилот қатысты. Аталған қауымдастық әлемнің түкпір-түкпірінен 40 мыңға жуық пилотты біріктіреді. Қатысушылар арнайы әзірленген бірыңғай трассаны уақытқа бағындырып өтіп, нәтижелер халықаралық дерекқорға енгізілді.

    Қазіргі таңда әлемдік рейтингте 600-ден астам нәтиже тіркелген. Тимофей үздік көрсеткіштердің біріне қол жеткізіп, 12-орынға ие болды. Бұл – қазақстандық пилоттар арасындағы ең жоғары нәтиже.

    – Әлемдік рейтингтің үздік 16 пилотының қатарына ену – планетаның ең мықты пилоттарының қатарынан орын алу деген сөз. Әр елдің өз көшбасшылары бар, сондықтан мұндай нәтиже дайындық деңгейінің өте жоғары екенін көрсетеді. Тимофей Қазақстан қатысушылары арасында ең үздік уақыт көрсетіп қана қоймай, Ресейдің өте мықты спортшыларын да басып озды, – дейді спортшының әкесі Сергей Муравьёв.

    Әлемдік рейтингтегі жоғары нәтиже Тимофейге АҚШ-та өтетін беделді MultiGP чемпионатының финалына жолдама алу мүмкіндігін арттырды. Әлемдік іріктеу қорытындысы бойынша финалға үздік 64 пилот қатысады.

    Айта кетейік, биыл Тимофей Муравьёв бірнеше санатта жеңіске жетіп, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанды. Енді ол Әлем кубогының кезеңдеріне қатысып, MultiGP чемпионатының финалына жолдама үшін бақ сынамақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →