Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі •

    Бурабайда қонақүй өртеніп, демалушылар шұғыл эвакуацияланды (ВИДЕО)

    Бурабайда қонақүй өртеніп, демалушылар шұғыл эвакуацияланды (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скриншот

    Ақмола облысы Бурабай кентіндегі қонақүй кешендерінің бірінде ірі өрт шықты. Қонақүйдің жанында жеке тұрған екі қабатты кір жуатын ғимараттың бірінші қабаты қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды

    Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенге дейін қонақүйдің бір қызметкері қауіпсіз жерге өзі эвакуацияланып үлгерген. Шақырту бойынша ТЖМ күштері мен техникасы жедел келіп жетті.

    Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылының арқасында тілсіз жау одан ары таралмай, 50 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде ауыздықталды. Айта кету керек, ғимараттың жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайды. Құтқарушылардың жеделдігі жалынның көршілес орналасқан негізгі отель ғимаратына өтіп кетуіне жол бермеді.

    Ресми мәлімет бойынша, оқиғадан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Мамандардың алдын ала болжамына сәйкес, өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себеп болған.

    ТЖМ азаматтар мен кәсіпкерлік нысан иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →