Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды •

    Каспийге туған күнін тойлауға кетіп, жоғалған жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

    Каспийге туған күнін тойлауға кетіп, жоғалған жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
    Фото: lada.kz

    Каспий теңізінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті іздестіру-құтқару жұмыстары екінші күнге ұласты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Алдын ала мәлімет бойынша, іздеудегі азамат 7 шілде күні 18 жасын теңіз жағасында тойламаққа барған.

    Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру жұмыстары Каспий теңізінің акваториясында жүргізілуде. Құтқару операциясына Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен қатар, Әскери-теңіз күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкерлері және өзге де күштік құрылымдардың мамандары жұмылдырылған.

    – Жалпы іздестіру-құтқару жұмыстарына 53 адам, 6 техника және 8 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған. Қазіргі уақытта жоғалған азаматты іздеу жұмысы жалғасып жатыр, – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →