Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Каспийге туған күнін тойлауға кетіп, жоғалған жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр Алакөлде жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ адам соққыға жықты (ВИДЕО) 28 адам ауыр жарақат алған: Угандада жол апатынан 14 адам қаза тапты Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды 1 миллиард теңге қайда кетті: Тарбағатай–Аягөз жолындағы шудың ақыры не болмақ? Каспийге туған күнін тойлауға кетіп, жоғалған жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр Алакөлде жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ адам соққыға жықты (ВИДЕО) 28 адам ауыр жарақат алған: Угандада жол апатынан 14 адам қаза тапты Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды 1 миллиард теңге қайда кетті: Тарбағатай–Аягөз жолындағы шудың ақыры не болмақ?

Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды

Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды
Фото: Instagram.com / yeleussinovdaniyar

Астана қаласының Нұра ауданында Олимпиада және әлем чемпионы Данияр Елеусіновтің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы заңгер Жасұлан Рахымғалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, «102» қызметіне Төле би және Халифа бен Заид әл-Нахаян көшелерінің қиылысында, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының маңында үш көліктің қатысуымен жол апаты болғаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, мемлекеттік нөмірі 001 EDM 01 болатын Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі жол апатына кінәлі деп танылып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде аталған көлік Достық көшесі бойынан, «Хан Шатыр» кешеніне қарама-қарсы аумақта анықталды. Заңгердің сөзінше, көлік тізгінінде 1991 жылы туған Данияр Маратұлы Елеусінов болған және оның мас күйінде көлік басқарғаны анықталған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, мән-жайды анықтау үшін тиісті тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика