Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды •

    1 миллиард теңге қайда кетті: Тарбағатай–Аягөз жолындағы шудың ақыры не болмақ?

    1 миллиард теңге қайда кетті: Тарбағатай–Аягөз жолындағы шудың ақыры не болмақ?

    Фото: видеодан скрин

    Әлеуметтік желіде Тарбағатай–Аягөз тасжолының сапасыз жөнделуіне қатысты халықтың наразылығын тудырған бейнежазба тарап, үлкен дауға ұласты. Тұрғындар 1 миллиард теңгенің жобасында технология бұзылып, жол қабаты тым жұқа төселгенін айтып, тәуелсіз сараптама талап етуде, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жыл сайын миллиардтарды игерсе де, халыққа жарымаған жол ұсынатын «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жұмысы тағы да қатты сынға ұшырады. Аталған мекеменің Абай облыстық филиалы бұл үрдісті ескі жабындыны цементпен өңдейтін «ресайклерлеу» әдісі деп, үйреншікті сылтаумен ақталуға тырысты. Олар асфальт сапасы бақылауда екенін және мердігер 3 жылдық кепілдік аясында ақауларды өз есебінен жөндеуі тиіс екенін айтып, жауапкершіліктен жалтарып отыр. Алайда, сапаны басынан дұрыс қадағаламай, соңынан тек кепілдік мерзіміне сілтеп отыратын жауапты мекеменің бұл әрекетіне халықтың сенімі әлдеқашан таусылған.

    Видео: HALYQSTAN

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →