Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды

Бурабайда квадроциклмен аударылған бойжеткен қайтыс болды

Бурабайда квадроциклмен аударылған бойжеткен қайтыс болды

Фото: Pixabay

Бурабайда бойжеткен квадроциклды басқара алмай, аударылып кеткен. Алған жарақаттарынан Астананың 22 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Алған жарақаттарынан бойжеткен оқиға орнында мерт болды. Квадроциклдің жолаушысы — елорданың 2007 жылғы тұрғыны медициналық көмекке жүгінді», – деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.

ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Соның ішінде квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметін, мототехниканы жалға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуын, сондай-ақ қайғылы жағдайға әкеп соқтырған басқа да ықтимал себептерді тексеріп жатыр.

Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын квадроциклдер мен басқа да мототехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Сапарға шықпас бұрын көлік құралының саулығына көз жеткізу, қорғаныс құралдарын (экипировка) пайдалану, қауіпсіз жылдамдықтан асырмау және белгіленген талаптарды елеусіз қалдырмау қажет.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →