Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда жүздеген гид пен экскурсия жүргізушісі туристерге халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуді үйренді • Меруерт Түсіпбаева Бақтияр Қожамен бірге түскен суреттері талқыға түсті • Борышкердің ақшасынан төленетін өндіруші: жеке сот орындаушылары жүйесі неге шағымның негізгі көзіне айналды? • Тарихи жетістік: Елена Рыбакина 2026 жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды • «Ағамыз бос па екен»: Белгілі әзілкеш Динара Сәтжанға өтініш айтты • Алматыда LEZ пилоттық жобасының аралық қорытындысы шығарылды • Алматыда жүздеген гид пен экскурсия жүргізушісі туристерге халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуді үйренді • Меруерт Түсіпбаева Бақтияр Қожамен бірге түскен суреттері талқыға түсті • Борышкердің ақшасынан төленетін өндіруші: жеке сот орындаушылары жүйесі неге шағымның негізгі көзіне айналды? • Тарихи жетістік: Елена Рыбакина 2026 жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды • «Ағамыз бос па екен»: Белгілі әзілкеш Динара Сәтжанға өтініш айтты • Алматыда LEZ пилоттық жобасының аралық қорытындысы шығарылды •

    Қытайда алапат дауыл мыңдаған ғимаратты қиратты

    Қытайда алапат дауыл мыңдаған ғимаратты қиратты
    Фото: facebook.com/scmp

    Жүздеген тұрғын жарақат алғандықтан, өңірде төтенше жағдай жарияланып отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Синьхуа» ақпарат агенттігінің дерегінше, апат Хуанши, Хуанган, Эчжоу және Сяньнин қалаларын қамтыған. Нөсер жаңбырмен бірге соққан екпінді желдің жылдамдығы кейбір ауданда сағатына 140 шақырымға дейін барған. Бірқатар елді мекенде торнадо тіркеліп, тұрғын үйлердің шатырын көкке ұшырып әкеткен. Тіпті, ағаштар мен электр желілерін құлатқан.

    Жергілікті билік табиғи апат салдарынан 22 ғимарат толықтай қирағанын мәлім етті. Мұнан бөлек, 4 855 тұрғын үй мен түрлі нысан зақымданған.

    Қазіргі уақытта өңірде іздестіру-құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Арнайы қызмет өкілдері үйінділерді тазалап, тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуде. Билік қайталама табиғи апаттардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын күшейтіп, халықты сақ болуға шақыруда.

    Сондай-ақ, Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында да табиғи апат тіркелді. Луннань қаласына қарасты Наньхэ кентіндегі ауылда таңертең көшкін жүріп, ондаған адам үйінді астында қалған.

    Құтқарушылардың мәліметінше, көшкін астында қалған 33 адамның 17-сі аман-есен шығарылды. Қалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қауіптің күшеюіне байланысты жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға эвакуациялаған.

    Жаза кеткен жөн, соңғы аптада Қытайдың бірнеше өңірінде нөсер жауын, су тасқыны мен дауылды жел жиілеп кетті. Алдағы күндері де  қолайсыз күн райы сақталуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →