Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Меруерт Түсіпбаева Бақтияр Қожамен бірге түскен суреттері талқыға түсті • Борышкердің ақшасынан төленетін өндіруші: жеке сот орындаушылары жүйесі неге шағымның негізгі көзіне айналды? • Тарихи жетістік: Елена Рыбакина 2026 жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды • «Ағамыз бос па екен»: Белгілі әзілкеш Динара Сәтжанға өтініш айтты • Алматыда LEZ пилоттық жобасының аралық қорытындысы шығарылды • Ақмола облысында бір күнде екі адам қаза тапты • Меруерт Түсіпбаева Бақтияр Қожамен бірге түскен суреттері талқыға түсті • Борышкердің ақшасынан төленетін өндіруші: жеке сот орындаушылары жүйесі неге шағымның негізгі көзіне айналды? • Тарихи жетістік: Елена Рыбакина 2026 жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды • «Ағамыз бос па екен»: Белгілі әзілкеш Динара Сәтжанға өтініш айтты • Алматыда LEZ пилоттық жобасының аралық қорытындысы шығарылды • Ақмола облысында бір күнде екі адам қаза тапты •

    Тарихи жетістік: Елена Рыбакина 2026 жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды

    Тарихи жетістік: Елена Рыбакина 2026 жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды

    Фото: olympic.kz

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанатынын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Ол Токиода өтіп жатқан WTA 500 турнирінде отандасы Юлия Путинцеваны жеңіп, Қазақстан теннисінің тарихында жаңа белеске қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Жапония астанасында өтіп жатқан Toray Pan Pacific Open турнирінің екінші айналымында Елена Рыбакина Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцевамен кездесті. Ойын Рыбакинаның басымдығымен өтіп, ол қарсыласын екі сетте 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

    Осы жеңістің арқасында қазақстандық спортшы 2026 жылғы маусымды әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің көшбасшысы ретінде аяқтайтынына кепілдік алды.

    Бұл – Рыбакинаның кәсіби мансабындағы тарихи жетістік. Ол Қазақстан атынан өнер көрсеткен теннисшілер арасында жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанған алғашқы спортшы болды.

    2026 жыл Елена Рыбакина үшін аса табысты маусымға айналды. Қазақстандық теннисші жыл басында Australian Open турнирінде жеңіске жетіп, кейін АҚШ-тың ашық чемпионатында (US Open) топ жарды.

    Осылайша, ол бір маусымда «Үлкен дулыға» санатындағы екі ірі турнирдің жеңімпазы атанды.

    Бұдан бөлек, Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA 500 турнирінде чемпион атанып, Қытайдың Нинбо қаласындағы жарыста да жеңіс тұғырынан көрінді. Нәтижесінде биылғы маусымда төрт титул жеңіп алды.

    Қыркүйек айында US Open турниріндегі жетістігінен кейін Елена Рыбакина алғаш рет әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілген еді. Ал Токиодағы жеңісі оның жыл соңына дейін көшбасшылық орнын сақтайтынын түпкілікті растады.

    Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) мәліметінше, Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанған тарихтағы 17-теннисші болды.

    Енді қазақстандық спортшы маусымның үздік сегіз теннисшісі қатысатын WTA қорытынды турниріне дайындалады. Жарыс АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтеді.

    Елена Рыбакинаның бұл жетістігі Қазақстан теннисі үшін тарихи оқиға саналады. Бұған дейін еліміздің бірде-бір өкілі маусымды әлемдік рейтингтің бірінші орнында аяқтау көрсеткішіне қол жеткізбеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →