Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Мұғалімдерді екі құжатпен ғана шектеу керек еді: енді неге ақпараттық жүйелер көбейіп кетті?

    Мұғалімдерді екі құжатпен ғана шектеу керек еді: енді неге ақпараттық жүйелер көбейіп кетті?

    Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
    Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов білім беру саласындағы қағазбастылық мәселесін көтерді. Оның айтуынша, мұғалімдер күніне екі құжатпен ғана шектелуі керек деген талап болғанымен, бүгінде педагогтерге түрлі ақпараттық жүйелерді толтыру міндеті жүктеліп отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Электронды журнал мен күнделіктен бөлек, мұғалімдер, сынып жетекшілері, мектеп директорлары, әлеуметтік педагогтер мен психологтар да сан түрлі жүйеге мәлімет енгізуге мәжбүр. Ал мұғалімнің басты міндеті — құжат толтыру емес, балаға білім беру. Асхат Аймағамбетов бұл мәселе мемлекет басшысының назарында екенін де атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →