Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты • Құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Қазақстанға тарихи медаль сыйлады • Азия ойындары: Рита Бакишева виртуалды таеквондодан ширек финалға шықты • 2 қазанда Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік мәселесін сынға алды • 2 қазанда бірқатар өңірде жаңбыр аралас қар жауып, дауылды ескерту жарияланды • Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты • Құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Қазақстанға тарихи медаль сыйлады • Азия ойындары: Рита Бакишева виртуалды таеквондодан ширек финалға шықты • 2 қазанда Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік мәселесін сынға алды • 2 қазанда бірқатар өңірде жаңбыр аралас қар жауып, дауылды ескерту жарияланды •

    2025 жылға қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі барлық елді мекендер газдандырылады

    Жетісу облысында газдандыруға жататын 192 елді мекенің  қазіргі кезде 22-сіне газ құбыры тартылды, 288 мың адам газға қол жеткізуге мүмкіндік алды. Соның ішінде 12 ауыл облыс құрылғаннан кейін газдандырылды. 2023 жылдың соңына дейін тағы 18 елді мекен газға қосылады. Бұл жайында бүгін журналистерге брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтып берді, — деп хабарлайды Qazaq.today Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

    Облыс басшысының айтуынша, Президенттің тапсырмасын орындау аясында 2025 жылға қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі барлық елді мекендер газдандырылатын болады. Соның нәтижесінде 506,6 мыңнан астам тұрғын немесе жетісулықтардың 71,7% көгілдір отынға қол жеткізеді.

    — Осы мақсатта «Талдықорған — Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының ЖСҚ-сы дайындалуда. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарындағы 124 мың халқы бар тағы 66 елді мекенді газдандырамыз. Жобаның 2024-2028 жылдары іске асырылады, — деді Б.Исабаев.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →