Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты • Құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Қазақстанға тарихи медаль сыйлады • Азия ойындары: Рита Бакишева виртуалды таеквондодан ширек финалға шықты • 2 қазанда Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік мәселесін сынға алды • 2 қазанда бірқатар өңірде жаңбыр аралас қар жауып, дауылды ескерту жарияланды • Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты • Құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Қазақстанға тарихи медаль сыйлады • Азия ойындары: Рита Бакишева виртуалды таеквондодан ширек финалға шықты • 2 қазанда Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік мәселесін сынға алды • 2 қазанда бірқатар өңірде жаңбыр аралас қар жауып, дауылды ескерту жарияланды •

    Жетісуда 7 жыл ішінде желілер мен құрылғылардың 12% жаңартылады

    Жетісу облысының инженерлік инфрақұрылымындағы негізгі мәселенің бірі «ТАТЭК» АҚ электрмен қамту нысандарының тозуы деңгейінің жоғарылығы – 87%. Тозу деңгейін төмендету үшін қандай шаралар қолға алынып жатқаны туралы бүгін журналистерге Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтып берді, — деп хабарлайды Qazaq.today Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

    Электрмен қамту нысандарының тозу деңгейін төмендету үшін акционердің жеке қаражаты есебінен және қолданыстағы тарифті өсіру арқылы инвестиция сомасын арттыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, орташа тариф сағатына бір кВт 26,32 теңгеден 28,46 теңгеге дейін, тұрғындар үшін 19 теңгеден 20,54 теңгеге дейін өседі деп көзделген.

    Спикердің айтуынша, 2023 жылы 1,1 млрд. теңге болып өзгеретін инвестиция сомасы 2024 жылдан бастап жылына 1,5 млрд. теңге болмақ Соның нәтижесінде 7 жыл ішінде желілер мен құрылғылардың 12% жаңартылып, тозу деңгейі 15%, яғни 87,2%-дан 72,2%-ға төмендеген.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →