Құжатқа сәйкес, Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесіне ресми түрде Tarlan Astana атауы берілді.
Енді Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қаулыны іске асыру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізеді.
Бұған дейін LRT-ге жаңа атау беру ұсынысы Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қаралған болатын. Қала әкімдігінің мәліметінше, әкімдікке тұрғындардан, қоғамдық ұйымдардан және Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалынан LRT жүйесіне ресми атау беру туралы бірқатар ұсыныс түскен.
