Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,8 537,1 5,38
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты

    Ресейдегі ажиотаж: Еліміздің Энергетика министрлігі бензинге қатысты мәлімдеме жасады

    Ресейдегі ажиотаж: Еліміздің Энергетика министрлігі бензинге қатысты мәлімдеме жасады

    Фото: depositphotos.com

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ресейге жанар-жағармай жеткізу туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды 24.kz сілтеме жасаған Qazaqtoday.info. 

    Министрліктің мәліметінше, Ресей Федерациясынан автомобиль отынын сатып алу жөнінде ресми өтініш түскен жоқ. Алайда мұндай өтініш болған жағдайда, Қазақстан жанар-жағармай өнімдерін өзара тиімді коммерциялық шарттар негізінде жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын.

    «Мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы халықаралық келісімдер мен коммерциялық шарттарды жасасу тек жеткілікті бос ресурстық әлеует болған жағдайда ғана мүмкін. Қазақстанның ішкі нарығын толық әрі үздіксіз қамтамасыз ету – сөзсіз басымдық болып қала береді. Экспорттық жеткізілімдер азаматтар мен ел экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қауіп төнбеген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін», – делінген ведомство хабарламасында.

    Дереккөз: 24.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →