Басты бет » Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның экономика және энергетика министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның экономика және энергетика министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның экономика және энергетика министрін қабылдады

Сурет: kaztag.kz

30 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Германиямен стратегиялық әріптестікті дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. Ол Германияның Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін, екіжақты сауда мен инвестициялық ынтымақтастықтың оң серпін көрсетіп отырғанын жеткізді.

2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 8 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылған, оның негізгі бөлігі шикізаттық емес секторға тиесілі. Қазір елімізде CLAAS, Horsch, Siemens, BASF, Heidelberg Materials, Siemens Energy, Knauf және Linde сияқты неміс капиталы қатысқан мыңнан астам компания жұмыс істейді.

Президент Қазақстанның неміс компанияларының отандық нарықтағы қатысуын кеңейту үшін барлық қажетті жағдай жасауға дайын екенін растады. Сонымен қатар, ол елде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар туралы айтып, жаңартылған Конституция Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және прогрессивті мемлекет ретіндегі дамуының негізгі қағидаттарын бекіткенін атап өтті.

Катерина Райхе Президентке екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау мүмкіндігі үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудағы елеулі жетістіктерін атап өтті. Министр Қазақстанның аймақтағы Германияның ірі сауда-экономикалық серіктесі болып қала беретінін және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін зор әлеуеті барын жеткізді.

Тараптар энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру, сирек жер металдарын өндіру және өңдеу, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективаларына ерекше назар аударды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен федералды канцлері Фридрих Мерцке жылы тілектерін жеткізді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика