Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазастан жастары Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп алды

    Қазақстандық спортшылар U15 жас санатында Азия чемпионатында 4 алтын, 5 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. Еркін, грек-рим және әйелдер күресіндегі жетістіктер.

    Қазастан жастары Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп алды

    Қазір Таиландтың Паттайя қаласында U15 және U20 жас санаттары бойынша күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Сайыс аясында қазақстандық спортшылар U15 санатында 20 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 5 күміс және 11 қола.

    Еркін күресте Мирас Абдыкарым (41 келіге дейін) алтын медаль иеленді. Күміс жүлдегерлер: Бектөре Заманбек (44 келіге дейін), Әмір Серік (48 келіге дейін), Наиль Зейналов (68 келіге дейін), Ерсұлтан Сүлеймен (75 келіге дейін). Қоланы Дамир Салават (38 келіге дейін), Мадияр Абдыкарымов (52 келіге дейін), Бибарыс Түзелбаев (57 келіге дейін), Зелимхан Цицкиев (85 келіге дейін) алды.

    Грек-рим күресінен Роллан Ким (48 келіге дейін), Даниал Қанатбай (52 келіге дейін), Ералы Мұратов (85 келіге дейін) чемпион атанды. Айтуған Осман (57 келіге дейін) күміс, ал Берекет Исмагулов (38 келіге дейін), Райымбек Жақсылық (41 келіге дейін), Нұралы Амангелді (44 келіге дейін), Руслан Бәкір (68 келіге дейін) қола медальге ие болды.

    Әйелдер күресінде Раян Жамсапқызы (46 келіге дейін), Джамиля Мехдиева (50 келіге дейін), Эльнара Киримова (66 келіге дейін) қола жүлдегер атанды. Азия чемпионаты 5 шілдеде аяқталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →