Басты бет » Алдағы үш күнде +38 °C-ге дейін ыстық болады

Алдағы үш күнде +38 °C-ге дейін ыстық болады

Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМҚ 30 маусым — 2 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.   

— 30 маусым — 2 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы
Алдағы күндері белсенді циклон мен оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы, желдің екпінді күшеюі күтіледі. Республика бойынша қатты жаңбыр болжанады, — делінген хабарламада.

Күндізгі ауа температурасы батыс және солтүстік-батыс өңірлерде +18…+28 °C-қа дейін төмендейді, солтүстік өңірлерде +22…+30 °C болады. Оңтүстікте аптап ыстықтың аздап бәсеңдеуі күтіліп, ауа температурасы +23…+35 °C аралығында болады.

Ал Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында ыстық ауа райы әлі де сақталады. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +30…+38 °C-қа дейін көтеріледі.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика