Басты бет » Каспий теңізінде жоғалған жас жігіт әлі іздестірілуде

Каспий теңізінде жоғалған жас жігіт әлі іздестірілуде

Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің акваториясында арнайы жабдықталмаған жерде шомылып жүрген 1999 жылы туған азамат суға батып кеткен. Оны іздестіру-құтқару жұмыстары төрт күннен бері үздіксіз жүріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.  

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің акваториясында арнайы жабдықталмаған жерде шомылып жүрген 1999 жылы туған азамат суға батып кеткен.

Теңіздегі қатты толқынға және ауа райының қолайсыздығына қарамастан құтқарушылар мен сүңгуірлер акватория мен жағалау аумағын тексеруде. Іздестіру жұмыстары құбылмалы гидрометеорологиялық жағдайларға, су астындағы көру жағдайларының шектеулі болуына, ағысқа және зерттеліп жатқан аумақтың ауқымдылығына байланысты қиындаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 40-тан астам маман, жүзу құралдары, арнайы техника, ұшқышсыз ұшу аппараттары, сүңгуірлік жабдықтар, ТЖМ авиациясы, Маңғыстау облысы ТЖД, ІІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Әскери-теңіз күштері, Полиция департаменті және «YKK Kazakhstan LLP» ЖШС мамандары жұмылдырылған.

«Іздестіру жұмыстары су бетінде, әуеден және жағалауда жүргізілуде. Сүңгуірлер тобы оқиға болған аумақтағы теңіз түбі мен жағалау маңындағы акваторияны кезең-кезеңімен тексеруде. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда. Өңір тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды, тек арнайы жабдықталған орындарда шомылуды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз», – дейді ТЖМ өкілдері.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика