Басты бет » Баға шарықтады: әлемдік нарықта бидай қоры сарқылуға жақын

Баға шарықтады: әлемдік нарықта бидай қоры сарқылуға жақын

Фото: 24.kz

Әлемдік нарықта бидай қымбаттады. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметі бойынша кейінгі бір ай ішінде баға 3,4%-ға өскен. Көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 7,8%-ға жоғары. Ал жалпы дәнді дақылдар бағасының индексі 2,6%-ға өсті. Бұл сәуірдегі көрсеткішпен салыстырғанда 5 пайызға көп, деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

Сарапшылардың болжауынша, биыл әлемде астық бұрынғыдан аз өндіріледі. Яғни 2%-ға қысқарып, шамамен 3 миллиард тонна деңгейінде болады. Бұған себеп не?  Биыл және келер жылы әлемдік астыққа сұраныс,өндіріс көлемінен асып түседі. Соның салдарынан қор сарқылуы мүмкін. АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы осылай. Әлемдік бидай өндірісі 819,1 млн тоннаға азаяды.

Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 24,8 млн тоннаға аз. Өндірістің төмендеуі негізгі экспорттаушы елдерде байқалады. Мәселен, АҚШ-та өнім 11,5 млн тонна, Еуропалық одақта 9,1, Аргентинада 6,9, Австралияда 6, Канадада 5, Қазақстан мен Ресейдің әрқайсында 4,3 млн тоннаға төмендеуі мүмкін.  Әлемдік азық-түлік нарығы сыртқы күйзелістерге белгілі бір деңгейде төтеп бергенімен, астық бағасының қымбаттауы бұл сектордың ауа райы құбылыстары мен энергия нарығындағы өзгерістерге әлі де тәуелді екенін көрсетеді. Ормуз бұғазы секілді маңызды сауда жолдарындағы кедергілер тыңайтқыш қолдану көлемінің азаюына себеп болуы мүмкін.

Ал бұл азық-түлік өндірісінің қысқарып, бағаның одан әрі өсу қаупін күшейтеді.  Күннің қолайсыздығы — астыққа қауіп Эль-Ниньо биыл да күшейеді. Оның салдары кейінгі 70 жылда болмаған шығынға әкелуі мүмкін. Метерологтардың болжамына сенсек, Америка құрлығында шамадан тыс жауын-шашын жауып, Азияны аптап ыстық пен құрғақшылық жайлауы мүмкін. Зерттеулерге қарағанда, теңіз бетінің температурасы Эль-Ниньоға тән шекті деңгейден асып кеткен.  Соның салдарынан, бидай өнімін экспорттаудан әлемде жетекші ел саналатын Австралияда егін бітік шықпай тұр.

Елдің негізгі аграрлық аймақтарына жауын-шашын аз түскендіктен, биыл фермерлер кейінгі жылдардағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 10 миллион тоннаға аз бидай жинауы мүмкін. Тағы бір себеп, жанармай мен тыңайтқыш бағасы шарықтап тұр. Ирандағы соғыс сияқты геосаяси оқиғалардың әсерінен, шикізат бағасы қымбаттады. Сәйкесінше өндіріс шығындары артып, фермерлер ресурстарды үнемдеуге мәжбүр. Бұл өнім көлемінің азаюына ықпал етеді. Әсіресе азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін импорттық астыққа тәуелді мемлекеттер қиындықтарға тап болуы мүмкін. Цитата: — Австралия – негізгі экспорттаушы елдердің ішінде егіс науқанын алғашқылардың бірі болып бастайды. Алайда 2026 жылы фермерлер тек ауа райына ғана емес, экономикалық факторларға да бейімделуге мәжбүр болады. Алдағы бірнеше ай Австралияның астық түсімі мен экспорттық әлеуетінің қандай болатынын анықтайтын шешуші кезең болмақ. Егер құрғақшылық сақталып, өндіріс шығындары жоғары деңгейде қалса, бұл әлемдік бидай нарығындағы ұсынысты азайтып, бағаның одан әрі өсуіне себеп болуы мүмкін.

Дереккөз: 24.kz/kz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика