Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қазақстан боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңінде бес финалда жеңіске жетті

    Қазақстан боксшылары Қытайда өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде барлық бес финалда жеңіске жетіп, алтын медаль алды.

    Қазақстан боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңінде бес финалда жеңіске жетті

    Қазақстан боксшылары Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңінде барлық бес финалдық жекпе-жекте жеңіске жетті. Бұл туралы деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Турнирдің финалында Қазақстан намысын Санжар Тәшкенбай, Абылайхан Жүсіпов, Айбек Оралбай, Назым Қызайбай және Виктория Графеева қорғап, барлығы алтын медаль иегері атанды.

    Ерлер арасында 50 келі салмақта Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Асылбек Жалиловты 3:2 есебімен жеңсе, 70 келіде Абылайхан Жүсіпов үндістандық Дипакты 5:0 есебімен басым түсті. Ал 90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай германиялық Никита Путиловты 5:0 есебімен қалыс қалдырды.

    Әйелдер арасында 54 келіде Назым Қызайбай италиялық Сирин Шаарабиді 4:1, ал 60 келіде Виктория Графеева тайваньдық Линь Юйтинді 3:2 есебімен ұтты.

    Айта кетейік, бастапқыда Әлем кубогына Қазақстан құрамасының өтінімінде 17 спортшы болған, оның тоғызы ерлер, сегізі әйелдер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →