Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады. Тараптар стратегиялық серіктестік пен цифрландыру мәселелерін талқылады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваның сапары Астана мен Ташкенттің стратегиялық серіктестігін ілгерілету тұрғысынан ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Президент әкімшіліктер арасындағы жұмыс қатынастарының жандануы Орталық Азиядағы тұрақтылық пен өңірлік ықпалдастықты нығайтуға ықпал ететінін айтты. Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан дамудың бетбұрыс кезеңінде тұрғанын, реформаларды сәтті іске асыру үшін бейбітшілік пен қауіпсіздік қажет екенін жеткізді.

    Мемлекет басшысы 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанына тоқталып, Өзбекстанның осы саладағы жетістіктерімен танысқанын еске алды. Қасым-Жомарт Тоқаев әлем жасанды интеллектіні дамытуға бет бұрғанын, сондықтан Қазақстан да заман ағымына ілесуі керек екенін айтты. Соңында ол Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке жылы лебізін жолдады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →