Иран футбол құрамасы ӘЧ-2026-ны Жаңа Зеландиямен тең ойынмен бастады

Иран футбол құрамасы ӘЧ-2026-ны Жаңа Зеландиямен тең ойынмен бастады

Фото: Patrick T. Fallon / AFP via Getty Images

Иран футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін Жаңа Зеландиямен тең ойынмен бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

G тобының бірінші турындағы кездесу Инглвудтағы «Соу-Фай» стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

Жаңа Зеландия екі рет Элайджа Джастың голдарымен алға шықты, бірақ ирандықтар Рамин Резаян мен Мохаммад Мохебидің дәл соққылары арқылы есепті теңестірді.

Тең нәтиже екі командаға бір ұпай әкелді. Бірінші турда 1:1 есебімен аяқталған Бельгия мен Египет құрамалары да осынша ұпайға ие.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика