Алматы хайуанаттар бағында өрт болды: жануарлар зардап шеккен жоқ

Алматы хайуанаттар бағында өрт болды: жануарлар зардап шеккен жоқ

Фото: instagram.com/almatyzoo

Бүгін түн ортасы ауа Алматы хайуанаттар бағының аумағында өрт шығып, жалын тез арада сөндірілді. Төтенше жағдай салдарынан жануарлар мен қызметкерлер зардап шеккен жоқ деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, жалға алушының фотосалоны мен бірнеше экскурсиялық гольф-кар өртенген. Хайуанаттар бағының меншігіндегі мүлікке зақым келмегені анықталды.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Алматы хайуанаттар бағы келушілерді қалыпты режимде қабылдап жатқаны хабарланды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика