Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Шымкентте 14 жастағы бала 12 метрлік құдыққа құлап кетті

    Шымкент қаласында 14 жастағы жасөспірім 12 метрлік құдыққа құлап кетті. ТЖМ құтқарушылары баланы аман-есен шығарып, дәрігерлерге тапсырды.

    Шымкентте 14 жастағы бала 12 метрлік құдыққа құлап кетті

    Сурет: tengrinews.kz

    Шымкентте 14 жастағы жасөспірім жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 12 метрлік құдыққа құлап кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құдықтың іші құрғақ болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар баланы аман-есен шығарып алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оқиға орнына шұғыл жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен құтқару операциясын жүргізді. Құдықтан шығарылған зардап шегуші жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

    Осыған байланысты құтқарушылар азаматтарға балаларды қараусыз қалдырмау және олардың қауіпсіздігін үнемі қадағалау қажеттігін ескертті. Ведомство өкілдері әсіресе ашық құдықтарға, люктерге және басқа да қауіпті нысандарға ерекше назар аударуға кеңес берді.

    Бұған дейін Ақтөбеде де осындай жағдай тіркелген болатын. Ол кезде 7 жасар бала үйінің маңындағы ашық құдыққа түсіп кеткен. Жарты сағаттай жер астында жатқан баланың көмек сұраған даусын жанынан өтіп бара жатқан студент естіп, құтқарып қалған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →