Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Күйеуімді бірінші орынға қойыппын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды Алматы облысында өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды Каспий теңізінде жер сілкінді «Басымыздан өтті, нәпсінің қалауы»: Омар Жәлел тоқал алу туралы ойын айтты «Ешқандай рөл ойнамаймын»: Дариға Бадықова өзі жайында фильм түсіретінін айтты Алматыда 40 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті «Күйеуімді бірінші орынға қойыппын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды Алматы облысында өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды Каспий теңізінде жер сілкінді «Басымыздан өтті, нәпсінің қалауы»: Омар Жәлел тоқал алу туралы ойын айтты «Ешқандай рөл ойнамаймын»: Дариға Бадықова өзі жайында фильм түсіретінін айтты Алматыда 40 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті

    Мектептер ауданға берілді: Аймағамбетов бұл шешімді «қисынсыз» деп атады

    Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектептерді аудандық әкімдіктерге беру туралы шешімді сынға алды. Ол бұл білім сапасына кері әсер етіп, жемқорлықты өршітеді деп санайды.

    Мектептер ауданға берілді: Аймағамбетов бұл шешімді «қисынсыз» деп атады

    Сурет: tizgin.kz

    Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов білім беру саласындағы ең тиімсіз әрі қисынсыз шешімдердің бірі қабылданғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мектептер мен балабақшаларды облыстық әкімдіктер құзыретінен аудандық әкімдіктерге беру туралы норма 4 миллион баланың тағдырына тікелей және кері әсер етеді деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Депутаттың сөзінше, аудандық әкімдіктерге тек шаруашылық мәселелері, жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүктелсе, түсінікті болар еді. «Алайда біз аудан әкімдеріне білім бөлімі басшылары мен мектеп директорларын тағайындау, кадр ротациясы, білім беру әдістемесі мен сапасы сияқты маңызды мәселелерді де беріп отырмыз. Сонда біз облыстық әкімдіктерге, білім басқармаларына сенбейміз бе? 20 бюджетті бақылау оңай ма, әлде 200-ден астам бюджетті ме?» – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

    Сонымен қатар ол бұл өзгерістің бірқатар жағымсыз салдары болуы мүмкін екенін ескертті. «Аудандарда мұғалімдерді жұмысқа қабылдау кезінде жемқорлық күшейіп кетпей ме? Педагогтерді жаппай түрлі іс-шаралар мен жиналыстарға тарту сияқты өткен жылдардағы жағдайға қайта оралмаймыз ба? Білім сапасы енді не болады?» – деп сұрақ қойды депутат.

    Еске сала кетейік, Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын екі оқылымда мақұлдаған болатын. Құжатта білім беру шығындарын облыстық деңгейден аудандық деңгейге қайтару туралы норма бар. Бұл бастамаға мұғалімдердің өздері де қарсы шығып отыр. Педагогтер тобы «e-Petition» платформасында осы нормаға қарсы петиция жариялады. Олардың пікірінше, өзгерістер қабылданса, мұғалімдер қайтадан әкімдіктердің тапсырмасын орындаушыға айналып, қоғамдық жұмыстарға мәжбүрлеп тартылуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →