Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жемқорлардан қорғауды тапсырды • «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді: бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді • Тоқаев 24 қарашаға дейін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тапсырды • Ұлытауда жаңа рухани орталық ашылды: мешіт құрылысына «Қазақмыс» қолдау көрсетті • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жемқорлардан қорғауды тапсырды • «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді: бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді • Тоқаев 24 қарашаға дейін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тапсырды • Ұлытауда жаңа рухани орталық ашылды: мешіт құрылысына «Қазақмыс» қолдау көрсетті •

    Павлодар-Астана тасжолында бетон плиталар көтеріліп, бірнеше көлік зақымданды

    Павлодар-Астана ақылы тасжолында бетон жабыны көтеріліп, бірнеше көлік зақымданды. Жүргізушілер жол сапасына наразы болып, жол ақысын алып тастауды ұсынды.

    Павлодар-Астана тасжолында бетон плиталар көтеріліп, бірнеше көлік зақымданды

    Сурет: sn.kz

    Павлодар – Астана бағытындағы ақылы автожолда төтенше жағдай тіркелді. Спутник ауылы маңындағы учаскеде жолдың бетон жабыны көтеріліп, салдарынан бірнеше автокөлікке зақым келген деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әлеуметтік желілерде тараған видеолар мен фотосуреттерде жол жабынының деформацияға ұшырап, бір бөлігінің көтеріліп кеткені анық байқалады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, мұндай кедергі жоғары жылдамдықпен келе жатқан көліктер үшін аса қауіпті жағдай тудырған.

    Желі қолданушылары ақылы жолдың сапасын сынға алып, жауапты мекемелерден түсініктеме талап етуде. Олар жолдың ақылы болғанына қарамастан, оның жағдайының уақтылы қадағаланбайтынына наразылық білдіріп жатыр. Сондай-ақ кейбір жүргізушілер ақау толық жөнделгенше аталған учаскеде жол жүру ақысын уақытша алып тастауды ұсынды.

    Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты жауапты мемлекеттік органдар мен жол қызметтері тарапынан ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Жүргізушілерге аталған бағытта қозғалыс кезінде барынша сақ болып, жылдамдық режимін сақтауға кеңес беріледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →