Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    ПСЖ қатарынан екінші рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды

    «Пари Сен-Жермен» клубы Чемпиондар Лигасының финалында лондондық «Арсеналды» пенальти сериясы бойынша жеңіп, қатарынан екінші рет турнир жеңімпазы атанды.

    ПСЖ қатарынан екінші рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды

    Сурет: zakon.kz

    «Пари Сен-Жермен» футбол клубы қатарынан екінші рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды. Финалда франциялық команда лондондық «Арсеналды» матч соңындағы пенальти сериясында жеңді деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кездесудің тағдырын матчтан кейінгі пенальти сериясы шешті. «Арсенал» қорғаушысы Габриэль Магальяеш соңғы соққысын қақпадан жоғары бағыттап, париждік клубқа жеңіс сыйлады.

    Ойынның негізгі уақытында есепті 6-минутта «Арсенал» шабуылшысы Кай Хаверц ашқан болатын. Алайда 65-минутта Усман Дембеле пенальтиден таразы басын теңестіріп, ойынды қосымша уақытқа ұластырды. Бұл – соңғы 10 жылда финалдық матчтың овертаймға созылған алғашқы сәті.

    Осылайша, франциялық гранд қазіргі заман тарихында Чемпиондар Лигасы титулын қатарынан екі рет қорғаған екінші команда болды. Бұған дейін мұндай жетістікке тек мадридтік «Реал» ғана қол жеткізген еді. Енді париждіктер 2016-2018 жылдары қатарынан үш рет чемпион атанған «Реалдың» рекордын қайталауды мақсат етіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →