Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды

Мұғалім дәрігер шақырмаған: Ақтөбеде 1-сынып оқушысы мектепте бензин ішіп қойған

Мұғалім дәрігер шақырмаған: Ақтөбеде 1-сынып оқушысы мектепте бензин ішіп қойған

Фото: 24.kz

Ақтөбе облысының Қобда ауданында бірінші сынып оқушысы мектеп аумағында бензин ішіп қойып, ауруханаға түсті. Оқиға оқу жылы аяқталуға аз уақыт қалғанда болған, деп хабарлайды 24.kz-rt сілтеме жасаған Qazaqtoday.info порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, үлкен үзіліс кезінде жеті жастағы оқушы сыртта ойнап жүрген. Кейін белгісіз себеппен мектептің жертөлесіне түсіп кеткен. Сол жерден ішінде белгісіз сұйықтық құйылған ыдысты тауып алып, оны ішіп қойған. Артынша бала қайтадан сыныпқа оралған. Сабақ барысында мұғалім оқушыдан бензиннің өткір иісі шығып тұрғанын байқап, одан не болғанын сұраған. Сол кезде бала жертөледен тапқан сұйықтықты ішкенін айтқан. Белгілі болғандай, оқушы сабақ аяқталғанша мектепте болған. Алайда үйіне барғаннан кейін жағдайы нашарлап, құса бастаған. Осыдан кейін анасы оны аудандық ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлер баланың асқазанын шұғыл түрде шайып, кейін облыстық балалар клиникалық ауруханасына жолдаған. Мамандар қажетті ем жүргізіп, баланың жағдайын бақылауға алған.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы аталған оқиғаны растады. Ведомствоның мәліметінше, бала абайсызда бензин иісі бар сұйықтықты ішіп қойған. Облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап, дәрігерлердің бақылауында болғаннан кейін оның жағдайы тұрақталған. Қазіргі уақытта оқушының өміріне қауіп жоқ, ол үйіне шығарылған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін білім басқармасы арнайы комиссия құрған. Сондай-ақ мектеп аумағындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексерілуде.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →